АҒАРТҚЫШ ЗАТТАР

АҒАРТҚЫШ ЗАТТАР – мақта мен маталарды, жібекті, жүнді, теріні, жасанды және синтетикалық талшықтарды, пластикалық заттарды, лактарды, сабынды, балауызды, майларды, азық-түлік заттарын, т.б. ағартуға пайдаланылатын әр түрлі органик. және бейорганик. қосылыстар. А. з. түсті бұйымдардың бояуларын ажарландырып жарқырату үшін, фотографияда, жуғыш заттар өндіруде, қағаз, мата, косметикалық заттар, сондай- ақ тағам өндірісінде кеңінен қолданылады. А. з. қатарына оттектің және галогендердің асқын қосылыстары, бейорганик. қосылыстар, минералдар, әр түрлі ароматты және гете- роциклді заттар кіреді. А.з. бояулармен салыстырғанда аз мөлшерде (0,001 — 0,1%) жұмсалады. Пайдалану мақсатына сәйкес А.з. талшықтарға жұққыш, сәулеге, жууға, жо- ғары темп-раға, хим. әсерге шыдамды болуы керек. Өндірісте А. з. әр түрлі тауарлық атпен шығарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *