АҒАДЫР

АҒАДЫР — Қарағанды обл. Шет ауд-ндағы кент, темір жол ст. Қарағанды қ-ның оңт- не қарай 195 км жерде, далалық белдемде орналасқан. Іргесі 1935 ж. Қарағанды — Балқаш т. ж-н салуға байланысты қаланған. Халқы 11,0 мың (1997). 1973 — 97 ж. Ағадыр ауд-ның орталығы болды. 1997 ж. аудан таратылып, оның жері Шет ауд-на қосылды. А-да локомотив депосы, автобаза, геол. барлау экспедициясы жұмыс істейді. Әр түрлі құрылыс мекемелері мен ұйымдары, 3 мектеп, музыка және спорт мектептері, аурухана, емхана, клуб, тұрмыстық комбинат бар. А. тұрғындары Ақсу-Аюлы арқылы Қарағанды, Балқаш қ-ларымен және басқа елді мекендермен автомоб. жолдары арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *