АҒА — 1) орта ғасырдағы түркі мемлекеттеріндегі әскери атақ. 15-17 ғ-ларда Түркия янычарлар корпусының қолбасшылары А. деп аталған. Ауыз әдебиетінің деректері мұндай қолбасылық дәреже осы кезде қалыптасқан Ноғайлы Ордасында, Қырым хандығында, Қазақ хандығында да болғанын көрсетеді. Қазақ тілінде “қол ағалық” сөз тіркесі А. сөзінің әскербасы мағынасын көрсетеді. Биік әскери дәрежені көрсететін А. сөзі шығыста хан сарайларындағы “есік ағасы”, “есікағасыбасы”, “шора ағасы” дәрсжелерінде де сақталған. Өзінің толғауында айтылғандай Доспамбет жырау Аймадетұлы А. дәреже- сіндегі әскербасы болған. А. дәрежесі әмір, бек дәрежесімен тең болғанға ұқсайды. Кейін А. сөзі жалпы басшы, жетекші, ақылшы мағынасында қолданыла бастады. Мыс., “елағасы”, “отағасы” деген сөздерде; 2) адамның жас жағынан үлкен бауыры, ер адам. Кез келген жасы үлкен ақылшы, жетекші ер адамдарды да А. деп атай береді; 3) қызмет, шен, лауазым дәрежесін көрсететін ұғым (аға лейтенант, аға ғылыми қызметкер, аға сұлтан, т.б.).