АГРЕМАН (фр. agrument — келісім) — жолдаушы мемлекет дипломатиялық өкіл лауазымына тағайындаған адамға қабылдаушы ел үкіметінің келісім беруі. А. жолдаушы мемл-тің сыртқы істер министрлігі арқылы тек дипломатиялық өкілдіктің басшысына ғана жазбаша түрде сұратылады. А. жөніндегі жазбалар жария етілмеуі тиіс. А. беруден бас тартқан ретте дипломатиялық өкілді жолдаушы мемл-тің оның себебін түсіндіруді талап етуге қақысы жоқ. Кейбір елдердің дипломатиялық тәжірибесінде А-ды ауызша сұратып, оған ауызша жауап алу фактілері де ұшырасады. Егер А. берілсе, онда дипломатиялық өкілдіктің басшысы қызметіне үміткер — “persona grata” (“қалаулы адам”); егер А. беруден бас тартылса, осы қызметке үміткер — “persona non grata” (“қалаусыз адам”) болып са- налады.