Ең алғашқы, ілгерідегі.Елбаяғыел емес, жаңа қоғам, жаңаадам (I. Жансүгіров). Бұрынғы өткенді де, бүгінгіні де сөз еткен әр кез, әр жайда ка-зақ баласы ақынның қанатты сөздерін ауызға алмай қоймайды (М. Әлімбаев). Ең алғашқы сөздікті V ғасырда, ертедегі гректер құрастырған («Ғалам ға-жап»). Әрбіреуімен ежелгі танысындай-ақ күліп амандасты (Н. Ғабдуллин). Құлпырған сағым құм арасынан көне замандағы адам мекендерін табады (Ғ. Мүсірепов). Жапон киносымен прозасының бағзыдан келе жатқан табиғи ежелгілікке қалай ие болып жүргендігі таңғаларлық құбылыс (Ә. Кекілбаев). Қадым заманда өмір кешкен Шалгиіз жыраудың жырларында толғағы жет-кен ауыр ойлар, бұрауы қатты күйлер бар (Р. Нұрғалиев). Мидай жазық дала-нын бетіндегі мен тәрізді көне қорым айналасын шыммен қоршап тастаған атам заманғы ескі қабір (З. Қабдолов).