АГЛОМЕРАТТАУ

АГЛОМЕРАТТАУ, агломерация — жоғары температура көмегімен ұсақ түйір- шік немесе ұнтақ материалдарды көп жағдайда кен шихталарын жентектеу процесі. Ол агломераттау, кокстеу, отқа төзімді бұйымдар жасау кезінде олардың металлургиялық қасиетін арттыру үшін жасалады. Қорғасын және мырыш өндірісінде үнтақталған концентраттар ірі кеуек агломератқа айналдырылады. Ал шихтаны алдын ала күйдіру кейбір электр пештеріндегі шаңның пайда болу процесін азайтады. А. процесі шихта даярлау (шихта құрамдарын мөлшерлеу, оларды араластыру, ылғалдандыру, кесектеу), шихта пісіру және оны өңдеу (бөлшектеу, елеу, салқындату, сорттау) операцияларынан тұрады. ҚР-дың Өскемен, Лениногорск, Шымкент қ-ларындағы және Глубокое жұ- мысшы пос-ндегі зауыттарда А. жүзеге асырылады. Агломерат қара және түсті металлур- гия өндірісінің негізгі шикізаттарының бірі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *