АГЕНТТІК

АГЕНТТІК (лат. Agens/agentis — әрекет етуші) — 1) өкілетті мекеме, бөлімше. Бір аймақта (басқа елдерде, қалаларда) ірі мекеменің, кәсіпорынның ісін жүйелі жүргізіп, тапсырмаларын орындайды, олардың өнімдерін тарату және сатумен айналысады. Мыс., фирманың маркетинг қызметін көрсететін А. жарнама құралдарын жоспарлау және пайдалану, маркетинг жөнінде кеңес беру мәселелерімен айналысады; 2) белгілі мемл., қоғамдық, әлеум. міндеттер атқаратын мекеме. Мыс., халықар. энергетика А-і — мұнай дағдарысын болдырмау мәселесімен айналысатын ұйым; 3) мемлекеттік басқару құрылымындағы орталық атқарушы орган. ҚР Президентінің басқару пәрменділігін одан әрі арттыру, мемл.органдар жүйесін реформалауды жақсарту мақсатында шығарған жарлығына (1997 ж. 15 қазан) сәйкес ҚР-ның Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі А- 11 құрылды. Ол респ. Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы орган. Оның төрағасы ҚР-ның министрі, ҚР Үкіметінің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ әр түрлі министрліктердің құрамында да салалық істер бойынша қызмет атқаратын А-тер бар. Мыс., ҚР ҒМ-ҒА-сында — Ұлттық агроғарыштық зерттеулер А-гі, Атом энергиясы жөніндегі А., Еңбек және халықты әлеум.қорғау мин-лігінде — жылжымайтын мүліктерді және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі А. бар. Сонымен қатар Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган – ҚР көші-қон және демография жөніндегі А-гі құрылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *