АГЕНТ (лат. agent — әрекет етуші) — 1) басқа бір адамның (мекеменің) тапсыруымен және оның мүддесі үшін өзіне берілген өкілдік шеңберінде саудада, т.б. салада оның аты- нан белгілі бір операциялар жасайтын, келісімнің даярлануын қамтамасыз ететін, бірақ келісімге қол қоюға құқығы жоқ заңды ұйым немесе жеке тұлға. Өкілдігі бір жолға не агенттік келісімге сәйкес болуы мүмкін. Экономик. операцияларда А. болып табыла- тындар: делдалдар, дилерлер, маклерлер, комиссионерлер, адвокаттар және жеке өкілдер. А. өз іс-әрекетін мүлік иесінің рұқсатымен агенттік келісім бойынша жүзеге асырады; 2) біреудің немесе қоғамның идеясына, мақсат-мүддесіне қызмет етуші адам, топ. Мыс., дипломатиялық агент мемл- тің ресми өкілі ретінде белгілі бір мемл-пен саяси қатынас- тарды жүзеге асырады; 3) арандатушы, астыртын әрекет етуші, тыңшы.