АГГЛЮТИНАТИВТІ ТІЛДЕР

АГГЛЮТИНАТИВТІ ТІЛДЕР, қ. Жалғамалы тілдер. АГГЛЮТИНАТТАНУ, аг- глютинация (лат. agglutinatio — жабыстыру, желімдеу) — біртекті жүзбе бөлшектердің (микроб, қан түйіршіктері) сұйықта түйірлене жабысып тұнуы әрі адам және мал қанының сарысуында түзіліп, белоктарды ірімтіктейтін, микробтар мен қан түйіршіктерін жабыстырып тастайтын заттар — агглютининдердің — әсерімен жүретін құбылыс. Аг- глютиногендер — агглютининдер әрекеттесетін қан құрамындағы антигендер. А. тек тірі организмде ғана емес, пробиркада да жүреді. А. кезінде екі валентті антидене өзінің бір белсенді орталығымен бір антигендік бөлшектің анықтаушы (детерминанты) тобымен, ал екінші белсенді орталығымен басқа антигендік бөлшекпен байланысып, антиген антидене торын құрады. Қанның қызыл және ақ түйіршіктерінің А-ы антиденелер әсерімен қатар вирустар әсерімен де жүреді. А. антигендер мен антиденелерді айқындау үшін (жұқпалы аурулар қоздырғышын ажырату, қан топтарын анықтау, т.б.) қолданылады. Жоғары темп-ра және улы заттар әсерімен тірі клетка белоктарының ірімтіктелуін де А. деп атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *