АГАВА (Agave) — көп жылдық өсімдік. Оның 275 түрі белгілі. А. табиғи жағдайда Орт. Американың, Мексиканың шөлді және шөлейт жерлерінде көбірек кездеседі. Қазақстанда америка, сисалина, виктория А-сы сияқты түрлері қолдан өсіріледі. А-ның сабағы қысқа, тікенекті болады, қалың жапырақтары сабақ түбіне шоғырлана орна- ласады. Осы шоғыр ортасынан ұз. 12 м-ге жететін қоңырау тәріздес гүл сабағы өседі. Ол 6-15 жылда бір рет гүлдейді. Елімізде өсетін А-лар атпа тамырларынан көбейеді. Өсіп шыққан гүл шоғының өскіндерінен мыңдаған көшеттер алынады. А. жарық сүйгіш, шөл мен суыққа төзімді өсімдік болғандықтан алаңдарды, гүлзарларды, саябақтарды, көшелерді көгалдандыру мақсатында өсіріледі.