АВТОХТОН (грек. Autochtion — жергілікті), геологияда тектоникалық ж а б ы н — аллохтонның астында жататын, әу бастағы тау жынысының қалдығы болып табылатын және сол орнынан айтарлықтай ығыспаған геологиялық құрылым. А-ды құрайтын тау жыныстары әдетте қатты қатпарланып, жарылымдармен бөлшектеніп тұрады. Бұл деформациялар оны көмкерген аллохтондық жыныстарды да қоса қамтуы мүмкін. А-дық жыныстардың құрамы аллохтондық жыныстардан мүлдем өзгеше болып келеді. Био- логияда — 1) белгілі бір аймақтың ең ежелгі тұрғын халқы (қ. Аборигендер), 2) алғашқы пайда болған жерінде тіршілік етіп жатқан жан-жануарлар мен өсімдіктердің түрі. Мыс.: Оңт. Америкадағы жабайы картоп, т.б.