АВТОТИПИЯ (грек. autos — өзім және грек. typos — таңба, қалып) — 1) бедерлі басылым элементтері бар баспалық қалыптарды дайындаудың фотомеханикалық процесі. Көмескі бейнелерді (фотосуреттер, акварель суреттер, кескіндеме, т.б.) шығыңқы баспа құралдарымен қайта жаңғырту үшін қолданылады; 2) растрлы клишеден (қ. Растр) алынған ізтаңба (оттиск).