АВТОР (лат. Au(c)tor) — көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, жасаған кісі. А. құқы халықар. және мемлекетішілік заңдар арқылы қорғалады. А-ы көрсетілген шығарма жарық көрсе немесе ашылған жаңалығына А-дың патенті болса, авторлық құқық заң жүзінде қорғаулы деп есептелінеді. Қазақстанда авторлық және аралас құқықтарды қорғайтын арнаулы мекеме бар.