АВТОПОРТРЕТ

АВТОПОРТРЕТ (гр. autos — өзім және фр. роrtrait — кескіндеу) — суретшінің өзі салған өз портреті. А-тен суретшінің жеке өз басын бағалауы мен шығармашылық принциптері айқын аңғарылады. А. автордың өзіне түгелдей ұқсауы шарт емес, ол әркез көркем бейне ретінде қабылданады. Жеке жанр ретінде 16-17 г-да А.Дюрер, X. Рембрандт, С. Рафаэль сынды суретшілер қалыптастырған. 18-20 ғ-да В. Ван Гог. О.А. Кипренский, И.Н. Крамской, К.С. Петров-Водкин, т.б. суретшілер бұл жанрды ілгері дамытты. Қазіргі заманда А-тің бейнелеу өнеріндегі өзге жанрмен ұштасуы нәтижесінде пайда болған жаңа түрлері де кезігеді. А-тің дәстүрлі және жаңа түрлерін Қазақстанда Ү. Әжиев, Д.Қ. Әлиев, А.Ғ. Ғалымбаева, А. Дүзелханов, Қ.Т. Телжанов, Г.М. Ысмайлова, т.б. суретшілер өз туындылары арқылы ұлттық бояумен байытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *