АВТОНОМИЯ

АВТОНОМИЯ (грек. Аutonomia — өзін-өзі басқару, тәуелсіздік) — 1) бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемала- рын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болуы. Әдетте, өзіне тән тілдік, тұрмыстық және экон. ерекшеліктері бар аймақтарда жүзеге асырылады. Көп ұлтты мемл-терде А. ұлт мәселесін шешудің мемл.-құқықтық пішімі ретінде жиі пайдаланылатын, әрі белгілі территория шегінде қалыптасып, дамитын мемлекеттік құрылым. Дербестік деңгейіне қарай ұлттық А. “ұлттық-аумақтық” және “ұлттық-мәдени” деп ажыратылады. 1920 — 1936 ж. Қазақстан саяси-ұлттық құрылым ретінде Ресей Федерациясы құрамына кіріп, өзін-өзі мемл. басқарудың осындай пішімін бастан өткерді. А-лар дүние жүзінің біраз елдерінде бар. Мыс., АҚШ-тағы — федералдық штаттар, Испаниядағы — Каталония, Баскі мен Галисия елдері, Канададағы — Квебек штаты, Ресей Федерациясындағы — автон. респ-лар, т.б; 2) қандай да бір мекеменің дербестігін білдіретін үғым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *