АВТОМОБИЛЬ СПОРТЫ

АВТОМОБИЛЬ СПОРТЫ – жарыстық, спорттық сериялы автомоб. түрлерімен өткізілетін жарыстар (тас жолда және автодромда ралли, рекордтар жасау мақсатындағы арнайы автожорықтар, т.б.) және картинг алаңындағы бәсекелер. Алғашқы автомоб. жарысы 1894 ж. Парижде өтті. 1904 ж. құрылған Халықаралық автомобиль Федерациясына (ҒІА) 97 ел мүше болды (1992). А. с. бойынша 1925 ж-дан бері әлем біріншілігі, 1935 ж-дан бері Еуропа біріншілігі өткізіліп келеді. Қазақстанда А. с. 1970 ж-дан қалыптаса бастады. Елімізде алғашқы чемпионат 1978 ж. өткізілді. Құрама ко- манданың алғашқы жаттықтырушысы Ю. Милащенко болды. Қазақстан спортшылары дүн. жүз. жарыстарға 1989 жылдан қатынасты, сол жылы Еуропа чемпионатында спорт шебері С. Попиков 4-орынға ие болды. Бұл қазақстандықтардың дүн. жүз. деңгейдегі ең жоғары көрсеткіші (1998). А. с-ның басқа түрлері бойынша И. Ярославцев, А. Жуков, В. Евченко (Алматы), В. Марченко (Орал), В. Андрух, В. Ходыкин (Петропавл), Б. Ақтаев (Ақтөбе) КСРО спорт шебері атанды. 1992 ж. ҚР- ның Автомотоспорт федерациясы құрылып, Халықар. ав- томоб. федерациясына мүше болып енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *