Бастықтыру, жаттықтыру, көндіктіру, жуасыту, үйрету, жөндік-тіру

Бас білгізу, дағдыландыру.Адамда белді қызмет істеп, төңірегін түген-деген Қадырбай ұзын құрығын салып жүріп, асау қызды бастықтырып алған сияқты (Т. Тоғысов). Көк серкенің басына өкпебайлап, бір емес, бірнеше рет жіберіп, ителгіні әбден жаттықтырды (С. Бегалин). Асау биелерді, құлын-дарын ұстап байлау, саууға көндіктіру өте қиын («Лен. жас»). Соңғы кезде Мәдидің аты шығыпбара жатқанын іштей күндеп, жуасытып қоюды ойлап жүретін (С. Бектасов). Раушанды жұмысқа үйретсе, ешкімнен де кем істе-мейді (Б. Майлин). Ал енді сен бала, бір жеті болып, құла жабағыны әбден жөндіктір («Лен. жас»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *