Шешуші мәні бар, ең қажетті. Бұл өнер осы шыққан биігінедейін бас-ты үш түрлі творчестволық жеңісті басынан кешіргенін көреміз (С. Омаров). Алтынсарин осы бағытта әдебиетті негізгі құрал ретінде пайдаланды («Қазақ. мект.»). Мен сізге аса маңызды бір жауынгерлік тапсырма бергелі отырмын (С. Сейітов). Күрес дәуірінің түбірлі, шешуші шындығын қайталанбас шы-найы қалыпта суреттейбілу — ақынның ұмытылмас еңбегі (Р. Бердібаев). Жәукенің Оспанды қалыңмалдан қыстамауының түбегейлі себебі де бар (С. Омаров). Ашуыма көп тисең, Өзекті жанға бір өлім, Ордаңды талқан ғып ша-бармын (Махамбет). Мал басын көбейтіп, өнімдерін арттыра түсу — бүгінгі күннің күре міндеттерінің бірі (С. Ысқақов). Революцияның ежелгі асаси мақсаты — Отанды шетел отаршыларынан азат ету болып табылады (Ж. Тілеков).