АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ

АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ — өнеркәсіптің автомобиль жасауға маманданды- рылған саласы. 1892 ж. Генри Форд (АҚШ) өзі жүретін автомобиль жасап шығарғаннан кейін көліктің осы түрін өнеркәсіптік тәсілмен шығару Еуропа елдерінде тез дамыды. Франция, Англия, Швеция, Италия, Германия, Ресейде автомобиль жасайтын арнаулы ірі кәсіпорындар көбейді. А. ө-н өркендетуде өндірістің желілік әдісін кеңінен қолданған АҚШ алға шықты. 1900 ж. мұнда 4192 автомобиль жасалды. Францияда 1895 ж. құрыл- ған “Рено”, 1896 ж. құрылған “Пежо автомобиль” монополиялары аз уақыттың ішінде жылына екі мың автомобиль шығара алатын дәрежеге жетті. Автомобиль зауыттарында жүк және жолаушылар таситын автомобильдер, сұйық заттар (бензин, май, су, сүт, т.б.) тасуға арналған автоцистерналар, автокүймелер (авто-фургондар), сусымалы және жабысқақ жүктерді таситын автоқотарғыштар, тіркемелер, жартылай тіркемелі сүйрет- кіштер, цемент, мал, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, тез бұзылатын жүктерді таситын рефрижераторлар, т.б. шығаратын болды. Автомобиль өндірісі бензин, керосин, металл, бояуларды көп талап еткендіктен А. ө. мұнай, химия, металлургия өнеркәсібі өркендеуіне жол ашты. 20 ғ-дың 30-жылдары бүкіл дүние жүзінде қаулай өркендеген А. ө. дүниежүзілік соғыстар тұсында қуатты әскери қару екенін танытты. Осыған орай ракета қондырғылары, радио, радиолокация ст-лары, әскери жабдықтар орнатыған машиналар, ауыр ракеталарды, артилл. жүйелерін, мина атқыштарды, ұшақтарды арнайы тіркемелерді алып көптеп автомобильдер көптеп шығарылды. А.ө жасаған жанар-жағармай мен оттегін құятын арнаулы жабдықталған машиналар, жүк көтергіштер, штаб автобустары, жөндеу шеберханалары, химия әскерлерінің, инженерлердің, санитарлардың, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары әскери бөлімшелердің майданда маневр жасауына, жауынгерлік тапсырмаларды жедел орындауына қыруар көмек көрсетті. Автомобиль зауыттары шығарған ұшақтардың энергетика, гидравлика, пневматика және басқа да жүйелерін тексеретін, ұшақтарды жетекке алатын, ұшу-қону алаңын тазартатын арнаулы машиналары әскери авиацияның қуатты қарқынменөркендеуіне жол ашты.

2-дүн.жүз.соғыстан соңғы кезеңде А.ө. зор қарқынмен дамып, өнеркәсіптің арнайы мамандандырылған тиімді салаларының біріне айналды. Автомобиль өндірісімен түбегейлі айналысатын ғыл.-зерт. және жобалау ин-ттары технол. процестерді үздіксіз жетілдіру, энергет. және отын ресурстарын, шикізат пен материалдарды, еңбек шығында- рын үнемдеу арқылы халық ш-ның талаптарына сай жаңа тұрпатты автомобильдер шы- ғаруды қолға алды. Өнімді жұмыс істейтін жабдықтар мен жетілдірілген өндіріс технол-сын қолданған А. ө. жанармайды үнемдейтін шағын литражды жеңіл автомобильдермен қатар жайлы автобустар өндірісін игерді. Қозғалтқыштың қуатын арттырып, отын шығынын кемітетін, жол талғамайтын, жүкті көп көтеретін автомобиль кәсіпорыңдары көбейді. Ресей А. ө- нің 10—12 т жүк көтеретін ауыр автоқотарғыштарын, 12-14 т жүк көтеретін қорапты автомбильдерін, 25-40 т жүк тартатын карьер қотарғыштары осы тұста шығарылды. А. ө-ін өркендетуге, әсіресе, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Италия, Жа- пония автомобиль монополиялары зор үлес қосты. 20 ғ- дың 60-жылдарының ортасында ғана 3 американ, 7 батыс еуропалық автомобиль монополиясына дүн. жүз. автомобиль өндірісінің 80% үлесі келді. Осы тұста “Дженерал моторс” (General Motors ), “Форд мотор” (Ford Motor) және “Крайслер” (Chrysler) компаниялары дүние жүзінде шығарылатын бүкіл атвомобильдердің 90%-тен астамын қолдарына алды. Германияның “Фольксвагенверк” (Volkswagenerk), А. Опель (А. Ореl), “Фордверке” (Ford-werke) және Даймлер-Бенц (Daimler-Benz) фирмалары, Англияның “Бритиш мотор холдингс” (Вritish Motor Holdings), “Форд мотор” (Ford Motor), “Воксколл моторс” (Vauxhall Motors), “Рутс моторс” (Rootes Motors) және “Лейленд мотор” (Leyland Motor) компаниялары, Фран- цияның “Рено” (Renault), “Пежо автомобиль” (Pengeot Automobiles), “Ситроен” (Citroen) және “СИМКА автомобиль” (SIMCA Automobiles) фирмалары өз елдеріндегі бүкіл А. ө-негіздерінің монополиясына айналдырды. Италиядағы “Фиат”, Жапониядағы “Тойота моторс” және “Ниссан мотор” компаниялары автомобиль жасайтын және бұл көлікті шет елдерге көптеп сататын дүние жүзіндегі аса ірі монополиялар болып отыр.

Қазақстанда А. ө. болмағандықтан автомобиль құралдары, негізінен, Ресей, Венгрия, Польша, Чехословакия, т.б. елдерден алынды. Қазақстанның Оңт. Корея автомобиль жасаушыларымен ынтымағы нәтижесінде Алматыда бірлескен автомобиль зауыты ашылды. Бұл Қазақстанда А. ө-н өркендетудің алғашқы қадамы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *