Баспалату, бастырмалау, төпелеу

Сөзді дамыл таптырмай үсті-үс-тіне жаудыру, ұрғылау. Мариям — бір ауыз сөз айтсақ, он ауызсөзбен баспа-лататын кісінің түрі (Б. Майлин). Қасболатты бір арықша қара торы әйел қуып жетіп, үсті-үстіне бастырмалата сөйледі (Т. Ахтанов). Нұғыман бұл желдірмені желісін үзбей, аяғына жеткеншетөпелеп айтып шықты (Қ. Сатыбалдин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *