— автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол. Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты болатын техникалық топтастыруға сәйкес А. ж. 5 категорияға бөлінеді. I категориялы А. ж-нда автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы А. ж-нда жылдамдық сағаты— на 60 км. А. ж. бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю ст-лары, мотельдер жөне басқалары) болады. Біздің елімізде А. ж-ның жалпы мемл., респ., обл., жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экон. орталықтар бір— бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол— көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланылатын А. ж-дарының ұз. 87,337 мың км, соның 17,67 мың км респ. маңызы бар жолдар (93%-іне асфальт төселген), 69, 667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темір—құйматастан құйылған. А. ж-дары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақылы мемл. жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. ҚР-ның жол қоры 5296439 мың теңге (1998). Қазақстанның басты даңғыл жолдары: Алматы – Астана – Қостанай, Алматы – Петропавл, Алматы – Талдықорған, Алматы — Шымкент, Қызылорда — Ақтөбе — Орал А. ж-дары. Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы Иранның, Түркияның, Пәкстанның теңіз порттарына шығатын ха- лықар. бағыттардағы А. ж-дарын дамыту жоспарлары қабылданған