АВТОМОБИЛЬ (грек. autos — өзі және лат. mobilis — қозғалмалы, қозғалатын) — өз қозғалтқышы арқылы қозғалып, жүк және жолаушылар тасуға арналған машина. Орта ғасырларда жел күшімен немесе адамның бұлшық еті күшімен қозғалатын арба жасалды. 1752 ж. орыс механигі Л. Шамшуренков екі адамның күшімен қозғалатын “жүгірме арба” жасады. 1769 — 70 ж. француз өнертапқышы Ж. Кюньо, ал одан бірнеше жылдан кейін Англияда У. Мёрдок және Р. Тревитик бу А-ін құрастырды. 1784 — 91 ж. орыс өнертапқышы И.П. Кулибин жасаған педальды арбаларда осы күнгі А-ге тән механизмдердің (беріліс қорабы, маховик, механикалық тежеуіш, роликті подшипник, т.б.) біразы қолданылды. 19 ғ- да Англияда Г. Гёрн мен У. Ханкоктың, Францияда А. Болленің, А. де Дионның және Л. Серполленің бу А-дері тарала бастады. 19 ғ-дың 30- жылдарында жолаушылар таситын бу А-дері жолға шықты. Аталған ғасырдың аяғында аккумулятор батареяларынан қуат алатын А. құрастырылды. 1879 ж. орыстың өнер- тапқышы О.С. Костович бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқыш жасады. Жеңіл де ыңғайлы, жүрісі шапшаң және үнемді іштен жанатын қозғалтқыштың шығуымен А. жасау ісі тез дами бастады. 1885 — 87 ж. неміс өнертапқыштары К. Бенц пен Г. Даймер бірінші болып іштен жанатын қозғалтқышы бар А. жасады. 1890 жылдары Францияда “Панар-Левассор” және «Де Дион-Бутон” А-дері пайда болды. 1892 ж. АҚШ- та Генри Форд өзінің алғашкы А-ін құрастырды, ал 1903 жылдан ол өндірісте шығарыла бастады. 1932 жылдан Кеңес Одағында ГАЗ-А А-ін көптеп шығару қолға алынды. М.Р Бриллинг пен Е.О. Чудаков құрған А. мектебі А. жасауды жетілдіруде, оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуда маңызды рөл атқарды.
А-дер пайдалану қызметіне карий көлік, арнаулы және жарыс А-дері болып бөлінеді. (оның ішіндегі негізгісі — көлік А-дері. Олар адам және жүк тасуға арналған. Арнаулы А-дер тиісті жабдықтармен жабдықталып, көше сыпыру, өрт сөндіру, жүк тиеу, жүк түсіру сияқты кейбір өндірістік жұмыстарды атқаруға пайдаланылады (автокран, автокомпрессор, өрт сөндіру машинасы, көшпелі жөндеу шеберханасы, т.б.). Жарыс А-і спорттық жарыстарға қатыстырылады. Көлік А-дерінің біртүрі — жолаушылар А-і. Оның жеңіл автобус сияқты түрлері бар. Көлік А-іне автопойыз құрамына кіретін арнаулы буксирлер меи тягачтар да жатады. Жеңіл А. екіден сегізге дейін жолаушылар (жүргізушінің өзін қосқанда) тасуға арналған. Қозғалтқышының литражы (қозғалтқыштың барлық цилиндрлерінің жұмыс көлемі) мен салмағына қарай айрықша кіші (1,2 және 850 кг), кіші (1,2 және 1,8 л және 850 — 1150 кг), орташа (1,8 — 3,5 л және 1150 -1500 кг) ли- тражы мен массасы шектелмейтін жоғары сапалы болып 5 класқа бөлінеді. Жеңіл А. қорабының типіне қарай лимузин (қорабы жабық), кабриолет (қорабы жоғарғы жағынан матамен жабылған), фаэтон (қорабы ашық) болып ажыратылады. Автобус кісі отыратын орындығының санына қарай аз (25 орынға дейін), орташа (26— 35 орын), көп (36—45 орын) және өте көп (45 орыннан жоғары) орынды болып келеді. Қорабының, орындығының түріне, жабдықталуына, жүріс жылдамдығына және атқаратын қызметіне байланысты қалалық, арнаулы, қалааралық автобустар болады. Жүк А- дерінің өте жеңіл жүк көтеретін (0,75 т-ға дейін), жеңіл (0,75-2,5 т), орташа (2,5-5 т), ауыр (5-10 т) және өте ауыр жүк көтеретін (10 т-дан жоғары) түрлері бар. Жүк А-і қорабының түріне қарай әмбебап және арнаулы болып бөлінеді. Әмбебап А-дің борты ашпалы-жаппалы ашық платформалы болып келеді. Арнаулы жүк А-іне аударылмалы ашық платформасы бар аударғыштар, қорабы жабық фургондар, сұйық және сусымалы заттар тасуға арналған автоцистерналар, цемент тасығыштар, т.б. жатады. Жол жағдайына қарай кездескен кедергілерден кідірмей өте алатын, су өтпейтін қорабы, ескек винті, т.б. суда жүзуге қажетті қондырғылары бар амфибиялар да А-ге жатады. Бүгінгі күнгі кейбір жүк таситын А-дің көлемдері мейлінше үлкен. БелАЗ-дардың кабинасына арнайы сатымен шығуға тура келеді. Кейбіреулерінің қорабына 100 т жүк кетеді. А. әскери істе әскер және қару-жарақ тасиды, артиллерия, зеңбірек, пушка, т.б. сүйрейді. Реактивтік және ракеталық қондыр- ғылар, жөндеу шеберханасы, радиолокациялық ст., т.б. орнатылған А-дер бар. Әскери әуе күштерінде бензин тасығыш, автоцистерна, автостартер, қар күрегіш, автокран, сыпырғыш машина, прожекторлы және өрт сөндіру машиналары, оттек өндіру және за- рядтау ст-лары, маяк және компрессорлы машиналар, т.б. А-дер пайдаланылады. Әскери А-дің бұлардан басқа штабтық санитарлық А., авто- рефрижераторлар, радио және электр ст-лары, экскаваторлар, орқазғыш сияқты 200-ден аса түрі бар. Қазіргі А-дерге орнатылатын қозғалтқыштардың негізгі түрі — іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш. Электр А. аккумулятор батареясымен жұмыс істейтін қозғалтқышпен жабдықталады. Мұндай А-дер қалада жеңіл және шағын көлемді жүк тасуға қолданылады. Жағатын жанармайының түріне қарай А. карбюраторлы, газ баллонды, газ генераторлы және дизельді болып бөлінеді. А- дер, негізінен, карбюраторлы келеді, ауыр жүк таситын А- дерге, орташа және көп орынды автобустарға дизельді қозғалтқыш орнатылады. Кейбір жүк А-дері газ баллоны және газ генераторымен жүреді. Үлкен-кішілігіне қарамастан А., негізінен, жүріс бөлімі, қозғалтқыш, трансмиссия, басқару механизмдері және қораптан тұрады. Жүріс бөліміне рама, алдыңғы және артқы белдіктер (осьтер), аспа және пневматикалық шиналы доңғалақтар кіреді. Рамаға А- дің барлық механизмдері, со- нымен бірге оның қорабы немесе кабинасы бекітіледі. Жеңіл А. мен автобустардың механизмдері тұтас жасалған қорапқа бекітіледі. А-дің басқару механизміне рульмен бас- қару және тежеу жүйелері кіреді (суреттерді қ.). А. конструкциясы жүк көтергіштік мүмкіндігі мен жүк сыйымдылығына, ауқымы мсн салмағына, тарту күші мен кедергіден мүдірмей өткіштігіне, отын үнемділігі мен пайдалануға, тех. қызмет көрсетуге ыңғайлылығына (басқаруға жеңілділігі, жүріс жатықтығы, жүк тиеу, жүк түсіруге бейім ділігі, т.б.), орнықтылығы мен қауіпсіздігіне қарай жіктеледі. А. орындығын отыруға ың- ғайлы етіп жасау, қорабындағы ауаны кондициялау, терезенің ашылып-жабылуын автоматтандыру, бейтаныс айдап кетуден сақтандыратын дабыл бергіш, қашықтан әсер ететін кішкентай басқарғыш арқылы А-ді оталдырмай қоятын жүйелер орнату арқылы оның қолайлылығын жақсартуға болады. Қазақстанға алғашқы А. 1910 ж. келді. Ол кезде шетелдік маркалы 20 шақты А. 1921 жылдан бастап А. тасымалы халық ш-нда маңызға ие бола бастады. 1926 ж. А. саны 129-ға жетті. 30-жылдардың бас кезінде Қазақ өлкелік тұтыну одағы мен астық дайындау мекемелері жүйесінде А. шаруашылығы құрылды. 1939 ж. Қазақстан А. көлігі халкоматының құрылуы республикалық А. көлігінің дамуына үлкен ықпал етті. 1940 ж. өзінде оның қарауында 27 мың автомашинасы бар 18 А. шаруашылығы болды. Бұдан кейінгі жылдары жылжымалы құрамның өнімділігін арттыруды, тасымалдың өзіндік құнын кемітуді, көлік шығындарын азайтуды қамтама- сыз еткен көлік жүйесін ұйымдастырудың озат нышандарын игеру ісі қолға алынды. 90- жылдардың соңынан бастап отандық А-дердің алғашқы үлгілері жасала бастады.