Бар-жоғы, бас-аяғы, небары, бар болғаны, ұзын-ырғасы, ұзын са-ны, айналасы, айналдырғаны, болған-біткені

 Бір нәрсенің жалпымөл-шері, көлемі мен аумағы. Қазақ тілі лексикалары бүтіндей бір жергежина-лып, бар-жоғы сөздікке алфавиттік тізіммен тізіліп, жинақталған да емес («Қазіргі қазақ тілі»). Әлгі топ бас-аяғы жиналысымен келіп, Амангелді қабі-рі басына тоқтады («Лен. жас»). Сүйеу қарттың ауылы небары бес-алты үй ғана (Ә. Нүрпейісов). Республикада1951 жылғы он бір айдың ішінде жоспарланған мыстың бар болғаны 87,3 пайызы ғана қорытылды («Соц. Қаз.»). Ауылда ұзын-ырғасы жиырма шақты отбасын біріктіретін шаруа қо-жалығы ұйымдасып, екі-үш жылда ірі табысқа жетті («Жас Алаш»). Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл бір топ ауылдар — ұзын саны жиырма шақты ауыл (М. Әуезов). Айналасы жарты сағаттың ішінде бас механик тез жеткен еді (С. Мұратбеков). Айналдырғаны аудан бойынша қырық машина, қырық трактор болса, ол қайсысына жетеді? (С. Досымов). Алтынбелі бұдан он жыл бұрын көргенде болған-біткені жаңа салынған үш-төрт-ақ үй бар еді (С. Ома-ров).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *