Бапты, күтімді, мәпелі, баптаулы

 Күтімге алынған, бабына келген. Гүлзипаның жүріс-тұрысы кербез, бойын күтетін бапты кісі екеніаңғары-лады (Қ. Жұмаділов). Өзгеге тентек Иса оған жуас еді, сондықтан үй ішінде күтімді де болды (С. Мұқанов). Емізіп, еңбек сүтін ақ бидайға, мәпелі бесік еттің ел білегін (Т. Шопашев). Балқаш аты естілсе, әлемді сүйіндіретін, әл-емге жүлде бермейтін жүйріктің баптаулы тұрғандай көңілің қатты лепіреді (Ә. Әбішев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *