Жіппен, тағы басқамен бір нәрсені бекіту. Ол белін буынып, тымағының бауын мықтап байлап далағашығады (З. Ақышев). Қойларды матап, куәларды жинап, қол қойғызып қойдым, — дейді көршісі (Д. Досжанов). Ол үн-түнсіз қойнынан шүберекке түйілген бірдеңені алып, Бөрібайға қос қолдап ұсына берді (Т. Дәуренбеков). Сарғасқа тоқтап, пышағын алып, Хадишаны таңған арқанды кесіп-кесіп жіберді (С. Мыңжасарова).