АВТОМАТ

АВТОМАТ, (грек. өздігінен әрекет ететін), техникада — 1) энергия, материалдар, ақпарат, т.б. алу, түрлендіру, тарату және пайдалану жұмыстарындағы барлық амалдарды алдын ала берілген бағдарлама бойынша адамның тікелей катысуынсыз орындайтын құрылғы не құрылғылар жиынтығы. Бағдарлама А-қа оның жасалу құрылымымен бірге алдын ала (сағатта, сауда автоматында) немесе перфокарталар, магниттік таспалар, т.б. (ЭЕМ-де, сандық бағдарламамен басқарылатын станокта), көшірмелеуіш не модельдеуіш құрылғылар (аналогты есептеуіш машина, қадағалау жүйесі, интерполятор) арқылы сырттан беріледі; 2) кибернетикадағы А. — дискретті (үздік-үздік) ақпарларды өңдеуге арналған нақты бар не жоқ принципінде іске асырылуы мүмкін болатын тех. жүйенің матем. моделі; қ. Автоматика, Автоматты басқару, т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *