АВТОЛИТОГРАФИЯ

АВТОЛИТОГРАФИЯ (гр. а autos — өзім, lithos — тас және Qrapho— жазамын) — литографиялық бір түрі. Суретші шығармасын арнаулы литографиялық тасқа өзі салады.

Репродукциялық литографияда салынған автолитографиялық өрнекті арнаулы маман литографиялық тасқа не автолитографиялық қағазға қайта жаңартып өрнектейді. Қазақстан суретшілерінің арасынан Е. Сидоркиннің “Қазақтың ұлттық ойындары” (1963), “Алпамыс батыр” эпосына жасаған (1977) топтама суреттері, Қ. Қаметовтың “Дала әндері”, “Абай өлендерінің әуендері” (1986) аталатын топтамасы А-ның ұлттық бейнелеу өнеріндегі үлгілері болып табылады. А. полиграфияда жиі қолданьшады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *