АВТОЛИЗ, а у т о л и з (грек. autos — өзі және iysis — ыдырау, бұзылу, еру) — жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының, тіндерінің лизосомадан цитоплазмаға босанып шыққан ферменттердің әсерімен өздігінен бұзылып еруі. А-ді, негізінен, ас қорыту ферменттері (протеазалар, нуклеазалар, липазалар, қышқылдық фосфатазалар) әсерінен жүреді. Бұлар клетка протоплазмасы құрамындағы әр түрлі құрылымдарды түзуші белоктарды, нуклеотидтерді, көмірсуларды, майларды ыдыратады. А. салдарынан жануарлар өлекселері, өсімдіктер қалдықтары ыдырап шіриді. А. тірі организмде кездесетін қалыпты құбылыс болып есептеледі (мыс., сүттену кезеңінен кейінгі сүт безінің, баласын туғаннан соң жатырдың қалпына келуі, метаморфоз салдарынан қосмекенділер құйрықтарының түсіп қалуы, т.б.).