Әр нәрсеге құмартатын, қызыққа жаны құмар. Уайымсыз адам әуесқой болады ғой, ханның бар ермегі құс салып, аң аулайды екен(Т. Ахтанов). Баланың ең жас шағынан бастап айналасына ықыласы, әуесшілдігі, байқауға тырысу-шылығы көріне бастайды («Семьятәрбиесі»). Сәби көңілде жазық жоқ, әрне-ге еліккіш, не болса соған көнгіш те (А. Байтанаев). Дегенмен тілші дегендер әр жағдайға, әрбір фактіге қызыққыш, еліктегіш келеді ғой (С. Бақбергенов). Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ, көрсе қызар нәпсіге ерме (Абай). Мүмкін сол тәрбиенің әсері болар Маржангүл осы күні жылтыраған заттарға қызыққыш (Н. Ғабдуллин).