Әдепкі кезде, ең басында.Әуелде бітеу жараша ісіне ауырған бас енді жанды күйзелте солқылдап,Төлешті қайтадан төсекке сұлатты (Ө. Қанахин). Әзелде Құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан (Абай). Алтай байсалды пішінмен аяғын са-бырмен сенімді басып келіп, анасына әуелі қант берді (Ө. Тұрманжанов). Мен әуелгіде бұны әйелдер журналы болғаннан кейін онша менсінбейтін едім (Б. Соқпақбаев). Гүлнаш о баста бас бостандығы үшін алысты (Т. Әлімқұлов). Күйеуінің шүбәланып отырғанын немесе таңданғанын әу баста Қанипа ажырата алған жоқ еді (С. Омаров). Алғашқыда ұнатып қалған сезім қызбен таныса, сөйлесе келе ұлғайып, сүйіспеншілікке соққан еді (М. Иманжанов). Бастапқыда Дина халық күйлерін пайдаланып, өзі де жаңа күй шығарып жүрген еді (Ғ. Бисенова). Бүгерім жоқ, әдепкіде ағайымнан айбындым, айта алмай біраз жүрдім (Н. Сералиев). Осы жапан далада әуелінде он шақты үйдің басы құралып, қоныс тепті («Саржайлау»).Ол басында күмілжіп ештеме айта қоймап еді, ақыры шынына көшті (Қ. Жұмаділов).