Әрең, азар, зорға, әзер, әупірімдеп

 Зордың күшімен, әрең дегенде.Ақ-зейнеп көзіне кеп қалған жасты әрең тыйды (Ж. Молдағалиев). Қашан Шудың бойында отырған Алшын Әйтеке үйіне өліп-талып азар жетеді (С. Талжанов). Бақыт сүлесоқ боп әбден шаршапты,баспалдақтан аяғын сүйрете басып зорға көтерілді (С. Мұратбеков). Аяқсыз көрген күнің де күн емес-ау, сегіз жүз метр жерге екі түн жылжып әзер жеттім (Ә. Әбішев). Малды әйтеуір әупірімдеп қыстан аман алып шықтық (Т. Әбдіков).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *