Уақыт мерзімінкешеуілдетпей, үзбей, үздіксіз. Қымызды әлсін-әлсін іш, етті тақыл-тұқыл же (Қ. Тайшықов). Ардақ есікті ауық-ауық ашып қойып, көйлекшең жұмыс істеп отыр (Ғ. Мұстафин). Біресе шешеме, біресе әкеме көзімнің астымен дамыл-дамыл қарап қоямын (Н. Сералиев). Ондай ауру жатқан бөлмеге мезгіл-мезгіл терезені, есікті ашып, таза ауа жіберіп тұру керек (Е. Оразақов). Кеше іңірден бері жабысқақ қара жаңбыр дүркін-дүркін сабалап тұрған (Б. Аманшин). Оған оқта-текте бөтен әнші қыз бен жігіттер қосылып, той қыза түскен(I. Есенберлин). Ха-барландырудың алдына жұрт дүрмек-дүрмек жиналып, әңгіменің не туралы болатынын біле алмай, кетіп жатыр (М. Дүзенов). Оқтын-оқтын аспан жүзі жарқылдап, дембе-дем найзағай шартылдайды (С. Омаров). Қасқа ат бір дыбысты сезгендей құлағын қадап, әлсін-әлі тындап келеді (Қ. Жұмалиев). Қыз жүзіндегі бар құбылысты анық байқап, Бақытжан қайта-қайта қарай берді (М. Дүйсенов). Ауырған адам тамақты тақыл-тақыл ішсе, сіңімді болады («Мәдениет және тұрмыс»). Құлай сүйген от жүректің күші ме, жиі-жиі еніп жүрсің түсіме (Ш. Мұхамеджанов).