Бүкіл жер шарын қоршаптұрған аймақ. Бүкіл әлемге аты шыққан Шыңғыс ханның дүниежүзін аламын деп талпынғанда небары екі жүз мың өскері болған (I. Есенберлин). Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, саған жар менен артық табылса да (Абай). Космосты игерудің пионері Гагаринге күллі жаһан қол соғуда (С. Сейітов). Бар жи-һанга таң сәулесін таратқан,жолдарымыз тоғысады әр тараптан (Ж. Сыздықов). Дер біреу: «Акынның өз әні қайда? Жер-көкті суреттеген мені қайда?» (С. Сейфуллин). Қажымұқан деген кісі — дүниежүзіндегі атақты бал-уандардың біреуі(Б. Соқпақбаев). Жеңешем білді дегенше, жержүзі білді десеңші (Мақал). Жездей кезсең бар ғаламды, құстай ұшсаң жер-жиһанға, Таба алмайсың әділ заңды, Терең келетін алтын заңға (С. Машақов). Күллі әлем поэтикалық тілде әлемет деп те аталады («Ана тілі»). Дүниядағы барша халық бейбіт өмір сүргей («Түркістан»).