Өсімдік дүниесі. Құрлық А. биогеографиялық аймағына жатады. Органик. тіршілік әлемі ортаңғы бор дәуірінен бері дербес дамып келеді. Сондықтан оның өсімдік дүниесі басқа құрлықтардан мүлде өзгеше. Өсімдік дүниесінің 75%-і эндемиктер. А- ның солт.-шығысында тропикті мәңгі жасыл, оңт.-шығысы мен оңт.-бат-нда тропикке таяу эвкалипт ормандары өседі. Құрлықтың ортасына қарай, климаттың континенттігі артқан сайын,ылғалды тропиктік ормандар селдір орманға, саваннаға айналады. Шөлейттерде тікенді, бұталы тоғайлар, шөлдерде астық тұқымды өсімдіктер өседі.