Әл-дәрмен, әл-қуат, әл-шама, шама-шарқ.

 Адам бойындағы күш-қау-қар, қайрат-жігер. Үрей билеп, әл-дәрмені құрыған қарт шөпке қарай шегін-шектеп тұрып қалған еді (М. Хасенов). Дәулеттің госпитальдан жаңа ғана шыққан кезі ғой, әл-қуаты бұрынғыдай емес (X. Ерғалиев). Қуаң тартып тозған ажары бір кездегі қатал, қуатты адамның әл-шамасы азайғанын танытады (М. Әуезов). Әркім өзінің шама-шарқына қарай қимылдауы керек қой (Б. Нұржекеев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *