Әккілік, жырындылық, кәнігілік, ыспарлық, тақыстық

Әккі болушылық, ұмашықтық, төселгендік. Жырынды жау әккілігіне салып,тағы да қару сілтеді (Т. Рахымжанов). Өзгелер алдында ептілігіңмен қатар жы-рындылығыңды да көрсете білгенге не жетсін (Ө. Қанахин). Жалғызаяқ жолдар, сілемдер, соқпақтар жолаушылардан кәнігілік тілейтін (Т. Әлімқұлов). Балаларға лайықты білім беру мұғалімнің ыспарлығына көп байланысты («Қазақст. мұғ.»). Арамза тақыстық пен жымысқы қулыққа әбден дағдыланып алған (З. Жәкенов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *