Әкетай, әкетайым, әкебас, әкем, әкежан, әкешім, көкем, көкетай, көкешім, көкежан

 Өз баласын немесе баласындай адамдыеркелетіп айтылатын қошемет сөз. Әкетай, қазір бітіреміз, үлкенүйге бара тұршы (Ш. Хұсайынов). Әкетайымның қарны ашып қалыпты ғой, — деп шешесі жік-жапар болып жатыр («Қаз. әдеб.»). Отыршы, әкебас, асықпай бізге жай-жапсарыңды айтып бер, — деді Сейдахмет қана жанашырлық білдіріп («Мәдениет және тұрмыс»). Өте бер, әкем, бізге кіруге әлі ертерек, — деп бір апай жол берді (Ауызекі тіл). Әкежан, мына қапты көтеріп арбаға салып берші, — деп бір әжей қиылып сұрады (Ауызекі тіл). Менің сол әкешімді қаралапты, елдегі өсек, пәле терген қулар (Қ. Бекхожин). Келе қойшы, көкем, — деп, апасы үш жасар ұлын көтеріп алды (Ауызекі тіл). Бораншы ауылын сілтеп жіберіңіздерші, көкетайларым (Ж. Молдағалиев). Тиген кім саған, көкешім, танытайын көкесін (Ш. Смаханұлы). Ала ғой, көкежаным, — деп қария немересіне қалтасынан бірдеме алып беріп жатты(Ауызекі тіл).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *