Сөйлем мен сөйлемді, сөйлемдегісөз бен сөзді өзара байланыстыратын жалғаулықтар. Мені құтқарғансіздің әкеңіз ғой. Әйтпегенде немістер мені азаптап өлтірген болар еді (Ә. Нұрпейісов). Хат тасушы әлі ауданнан қайтпаған болды ғой. Әйтпесе енді бір соқса керек еді (М. Иманжанов). Егер де есті кісілердің қатарында бол-ғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, өзіңнен-өзің есеп ал (Абай).