Бір нәрсеге қозғау салып керек-жарагын дайын ету. Раушан жуыныпболғанша Майра лыпылдап шайды әзірлеп те жіберді (Ш. Құмарова). Тойшылар қақ жарылып бөлінді де, Балуанындаярлады екі жағы (Ж. Саин). Биыл біраз мал-ды осы маңда алып қаламыз деп, қысқы азығын қамдау қиын боп жатыр (С. Мұқанов). Қысқы оқуға мектеп үйін дайындап алсаң, одан қуаныш не бар? (Б. Майлин). Оқ сайла, қылыш қайра Жауыңа арнап, Жер жүзі жұмыскерлері бірігіңдер (I. Жансүгіров). Әке-шешең бар ма, шырағым? — деді кемпір, қазан-дықтың отын қаузап жатып (Қ. Сатыбалдин). Күн кешкіре Құрман қарт ат-шанасын жабдып, қалың киіне бригадасына қайтуға шықты (Ғ. Орманов).