Күн сайынғы,үй-реншікті. Мөңіреген сиыр, маңыраған қой, оянған ауыл өзінің әдеттегі тіршілігімен жаңа ғана тыныш жатқан даланы у-шуға бөледі(I. Есенберлин). Нұрқаттың күндегі қылжағының бірі ме деп, Айжан жауап қайырмай жүре беріп еді, ол шап етіп қолынан ұстай алды (З.Шашкин). Ол өзінің ежелгі сүйкімді әдетімен қой көздерін күлімдете бір қарады (Ш. Сыздықов). Мәл-гаждар бізді әрқашанғы қалпымен құшақ жая қарсы алды («Мәдениет және тұрмыс»). Ақсақалдың қашанғы әдеті осы ма, әлде бүгін көңілінің хошы келіп отыр ма? (Ж. Қосыбаев).