Әдептілік, ибадаттылық, инабаттылық, ізеттілік, сыпайыгерші-лік, сыпайылық, сынықтық, биязылық, бипаздық, ибалық, ибалылық, ілтипаттылық, ізетшілдік

Қоғамдағы қалыптасқан этикалықтәртіпті бұлжытпай орындаушылық, өнегелік, үлгілілік. Кенжекейбұны бейтаныс ке-ліншектің әдептілігіндей көріп, бір көргеннен іштартып қалды (Ә. Нұрпейісов). Өзінің сырт көркімен де, жарасымды ибадаттылығыменде Кәмшат оған еліктірген әсер қалдырды («Жұлдыз»).Үй иесі аса бір ыстық инабаттылықпен маған бір пияла шай ұсынды (Т. Бердияров). Айнұр үлкен кісі алдында ізеттілікпен құрмет көрсетіп, түрегелген бойы тұрып қалды (Е.Мырзахметов). Сыпайыгершілігі мол Айбас бұл сапар үндемей қалуды қо-лайсыз көрді (Р. Райымқұлов).Ол аға алдында сыпайылық сақтап, жылы шы-раймен күліп тұрады (Т. Құрманғалиев). Мінезінің сынықтығына қарамас-тан, ол кезі келгенде қатал да, талапты да қоя біледі (Ә. Әбішев). Инженер жігіттің өн бойынан адамды өзіне еріксіз тартып тұратын биязылық аңғары-лады («Қаз. әдеб.»). Сафураның жаққан отына жылынып отыра берсейші, — деп ол орынсыз бипаздықты бойына мін көретін сырдақ салтпен жорта той-тарып тастады (Р. Әбутәліпов). Олар үлкендердің  алдында ибалық жасады ма, сөзге көп араласпады (Т. Ахтанов). Аяғын аңдап басып, төрағалар отыр-ған жаққа ерекше бір ибалылықпен келе жатыр (Ф. Мыңжасарова). Қызмет-керлерге мұндай ілтипаттылықтың үлгісін басқа ешкімнен ешқашан да кездестіргенім жоқ(М. Смағүлов). Ол өзінің ағасындай болып кеткен Әбе-кеңе әрдайым үлкен ілтипат, ізетшілдік көрсетеді (Ә. Жәмішев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *