АВГИТ (грек. — жылтыр)- силикаттар класының пироксендер тобына жататын минерал. Хим. формуласы; (Са, Mg, Fe, Al, Ti) [(Si, Al)2O6]. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Агрегаттары түйіршікті масса түзейді. Түсі қара, қоңыр қара, жасыл; шыныдай жылтыр. Қатт. 5-6; менш. салмағы 3,2 — 3,6 г/см3. Экзогендік процестер әсерінен нонтронит, галлуазит, каолинит, т.б. минералдарға айналады. А. — магмалық тау жыныстарын құраушы негіздік минерал. Ол жапсарлы-метасоматиттік жағдайда түзіледі.