Сыртпішінін әдемі ету, көрікті ету. Газет арасынан әдемілеп төрт бүктелгснбір қағаз ке-нет жерге түсіп кетті (С. Шаймерденов). Осынша нығыздап, осынша әсемдеп хат жазып отырған кім? (Б. Майлин). Қатар-қатар үй салып, сұлулаймын, сырлаймын. Жаңа үй болған жігітке Ең жақсысын сыйлаймын (Ө. Тұрманжанов). Оркестрге түсіргенде артығын жонып, сымбаттап алдарына тартқанымызда екеуі де риза болатын (А. Жұбанов). Әйбаттап салынған қалалық кітапхананың кең залы адам кернеген сайын алқынатын тәрізді (Ғ. Қайырбеков).