Гүл-гүл жайнау, құлпырып өңі кіру, көркею.Былайда ұзынбойлы, сұлу жігіт еді, суықтан келгендіктен бетінің қаны құлпырып, тіпті әдеміленіп кетіпті (С. Мұқанов). Өмір көктеміндей өңір өңденіп, жерге сепкен жеміс те жарык дү-ниеге түйін тастаған (I. Қадырханов). Ол ән салғанда кейде өңі қашып бұзы-лып, кейде әдеміленіп, өңейіп отырды (С. Бегалин). Майра гармонын колына алды. Оның отты көздері жайнап, ақша беті ерекше бір ажарланып кетті (Қ. Жармағамбетов). Елуананың шешесі әрленіп, жақсы киініп жүретін (С. Бақбергенов). Нәр алып көк емендей көріктенем Туған жер топырағының ырысынан (М. Әлімбаев). Ақ құба өңіне қан жүгіріп, бұрынғыдан гөрі нұр-ланып кетіпті (А. Лекеров). Көк торғындай аспан-көк Білемін жайнап ашылар, исі аңқыған бәйшешек түрленіп жерді жасырар (Абай). Жеткен соң жаз Шырайланған түрге ендім, Күннен алып күшімді, Жасардым да гүл-дендім (С. Мұқанов). Ханшайымның мөлдіреген көзі, кішкене қыр мұрны, желге тотыққан қара торы өңі бұрынғысынан да сұлулана түскен тәрізді (С. Мыңжасарова). Сыпайы сыйластық ажарлары, өнерлі жастар мәжілісі рең-дене түскендей (М. Әуезов). Айжан апай қазір де Дәуренше қалбаңдамай, то-лық бетіне нұр жиып, бар ықыласымен баласына райлана қарады (З. Қабдолов). Әйгерімнің жүзі ағы ақ, қызылы қызыл болып, өзгеше құлпыр-ғандай (М. Әуезов). Балқыған сонау болат сияқтанып, Құбылып тоты құстай зияттанып, Немесе оқ жыландай ирелеңдеп, Садақтың жебесіндей қияқ-танып (Е. Ибраһим).