Аяқтау, бітіру, тындыру, тамамдау, тиянақтау, адалау

Бастаған істі ақырына жеткізіп тауысу. Домбырашы жүзін жуған ащыжасты сүрт-пестен, күйді аяқтағанда барып алақанымен бір сыпырып тастады (Н. Сер-алиев), Ей, қойсаңдаршы, бажылдама, ауылда отырып-ақ бітіретін жұмысты осы араға әкеп бажылдасқандарың не? (С. Сейфуллин). Мен қолымнан кел-генше тыңғылықты етіп тындыруға тырысып бағам. (Ө. Қанахин). Қазір пе-дагогикалық институттың соңғы курсын да тамамдауға жақындадым («Лен. жас»). Сәтті басталған үлкен жұмысты тиянақтау жолында кішкене де болса кірбің дақ түсірмесе неғылсын (Ғ. Сланов). Ақыры жауды адалап, Жеңісті көрдім көзіммен. Жарыма айтар аманат ауылға қайтты өзіммен (Т. Ша-пашев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *