АВАНГАРДТЫҚ ПАРТИЯ

АВАНГАРДТЫҚ ПАРТИЯ барлық мүшелерінен белсенді жұмысты талап ететін, қатаң орталықтандырылған жүйе бойынша басқарылатын саяси ұйым. Мұндай партиялар жұмысшы қозғалысының дамуы барысында пайда болды. А. п-ға кірушілерге жоғары талаптар қойылады, партияның жұмысы егжей-тегжейлі реттеледі, партиялық тәртіп қатаң сақталады. Мұндай партия билікке келсе, әкім. жүйенің бір бөлігіне тез айналып кетеді. Мыс., бұрынғы соц. елдерде жетекші рөл атқарған ком. партиялар әкімшіл-әміршіл тәртіптің бір бөлшегі болды. А. п-лар дамушы елдерде де кездеседі. Қазақстан Рес- публикасында А. п. жоқ. ҚР Конституциясында идеол. және саяси әр алуандылық мойындалатыны, қоғамдық және мемл. ин-ттардың бірігіп кетуіне, мемл. органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейтіндігі (5- бап, 1-тармақ) айтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *