АБЫСЫН-АЖЫН — туыстық қатынасты білдіретін ұғым. Ағайынды жігіттердің әйелдері бір-біріне А.-а. болады. Көбінесе А.-а-дар өзара сырлас, мұңдас, тату тұрады. “Ағайын тату болса — ат көп, абысын тату болса — ас көп” деген мақал соған орай айтылған. Қолданымдағы “Абысын- ажын” деген қос сөздің әрқайсысының көне түркі-монғол тілдерінде жеке-жеке мағынасы болған. Келін ағаның әйелін “абысын”, ал абысын інінің әйелін “ажын” деп атаған.