АБЬІРОЙ МЕН АР-НАМЫС

АБЬІРОЙ МЕН АР-НАМЫС, құқықта — жеке немесе заңды тұлғаның заңмен қорғалатыи мүліктік емес әрі ажыратылмайтын игіліктері; абырой – азаматтың немесе ұйымның жағымды әлеум. бағасы; ар-намыс тұлғаның өзін-өзі бағалауы. ҚР Конституциясына (18-бап) және Азаматтық Кодексіне (43-бап) сәйкес адамның А-ы мен ар-н-ын мемл. қорғайды. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, А. м. ар-н-ның қорғалуына құқы бар. Азамат өзінің А-ы м. ар- н-на, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мағлұматтарды, егер таратушы ондай мағлұматтардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды, сондай-ақ моральдық шығынның орнын өтеуді талап етуге құқылы. А. м. ар-н-ты азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, т.б. қорғаудың тәртібі арнаулы заңдарда көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *