АБЫРАЛЫ ТАУЛАРЫ — Сарыарқаның шығыс бөлігінде, Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. мен Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. аумағында орналасқан таулар. Солт-тен оңт-ке қарай қосарлана созылып жатыр. Батысындағы Жақсы (Үлкен) Абыралы тауының ұз. 20 км, ені 10 км, биікт. 1300 м. Шығысындағы Жаман (Кіші) Абыралы тауының ұз. 20 км, ені 6 км, биікт. 1111 м. Екі тауды Қарасу өз-нің аңғары бөлген. А. т. негізінен девон мен силур жыныстарынан тұрады. Климаты тым континенттік. Қаңтар айындағы орташа темп-ра 15°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 350 мм. Суға тапшы. Беткейлерінің қиыршық тасты қоңыр топырағында қараған, тобылғы, сұлыбас, қызғылт селеу, қылқан боз, бетеге, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. Беткейлері мал жайылымы ретінде пайдаланылады.