АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ТУЫ

АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ТУЫ- Абылай ханның жауынгерлік туы. Кезінде бүкіл қазақ халқының атынан айтылатын жауынгерлік ұран ретінде де қолданылған. 20 ғ-дың басындағы қазақ интеллигенциясы, Алашорда жетекшілері халықты бірлікке шақырып, А.а.т. астына жиналайық деген үндеу тастаған. Шын мәнінде А. а. т. — тарихи зат, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста көтерілген ту. Қыл шашақты, көлемі 2 м2 ақ жібек мата. Ту 1930 жылға дейін Арыс қ. маңындағы “Хан қорған” деген жердегі төре тұкымдарының қолында сақталып келген. Ел аузындағы әңгімелердің бірінде НКВД (Ішкі Істер Халық Комиссариаты) адамдары алып кеткен, екіншісінде жергілікті халық тәбәрік ретінде бөліп- бөліп алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *